Mobile

COVID-19: АТЫРАУДА 73 АДАМ ИНФЕКЦИЯ ЖҰҚТЫРҒАН



Атырау облысында өткен тәулікте 73 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Кесел құрсағына іліккен 20 адам Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 44 жұмысшыдан инфекция анықталса, Жылыойда – 3, Қызылқоғада – 1, Құрманғазы ауданында – 5 адамнан анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған 14 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 65 адам емделіп шыққан. Қазіргі уақытта 264 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда – 34, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 812 адам ем қабылдауда. Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

Сайт –
online –
facebook –
VK –
Instagram –

Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз:
AppStore –
Google Play –

#ATYRAU #TV #ATYRAUTV
#АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ
#102FM #ATYRAURADIO #RADIO

source

All the Admin Templates You Could Ask For.

2M+ items from the worlds largest marketplace for Admin Templates, Themes & Design Assets. Whether that's what you need, or you're just after a few Stock Photos - all of it can be found here at Envato Market.

Related Articles

Back to top button